Хоккей

Саян Данияр: Хоккейші болған соң, Канадаға қарсы ойнағым келеді

news-banner7
mobile-news-top

Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы 2019 жылы өтетін хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатына толыққанды дайындалу мақсатымен Канадаға жол тартады. Ал команда капитаны Саян Данияр ұлттық құраманың маңызды дода алдындағы көңіл-күйімен бөлісті.

- Ойыншылардың көңіл-күйі жақсы. Тынбай дайындалу үстіндеміз. Жігіттердің барлығы бір-бірін жақсы таниды, өте тату ұжымбыз. Маған капитан ретінде көп міндет артылған. Команда ірі жарыста бақ сынайды, сол себепті, көптеген ойыншыларда қобалжу болатыны сөзсіз. Сондай кездерде оларды сабырға шақырып, команданы жұмылдыру менің мойнымда.

Бізге өз тобымызда сәтті өнер көрсетіп, тек алға басу керек. Осы жоғары дивизионда қалу мақсаты тұр алда. Ойыншы ретінде канадалықтарға қарсы шығу арманым. Бірақ олар басқа топта. Бәрі жақсы болса, кездесіп қалармыз, - дейді Саян Данияр.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер