Футзал

Кака «Жылдың үздік жаттықтырушысы» атағына үміткер

Кака «Жылдың үздік жаттықтырушысы» атағына үміткер
news-banner7
mobile-news-top

Паулу Рикарду Фигейра Силва, қысқаша Кака есімімен танымал маман UMBRO FUTSAL AWARDS сыйлығына ұсынылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған жүлдеден еліміздегі ең үздік клубтың бас бапкерінен бөлек, португалиялық Нуно Диас («Спортинг»), испаниялық Хесус Веласко («Интер Мовистар»), Тино Перес («Унигросс». Италия) қатарлы атақты жаттықтырушылар үмітті.

Бұған дейін, Веласко төрт жыл қатарынан әлемдегі ең үздік клубтық жаттықтырушы атағын жеңіп алған. Биыл Каканың испаниялық маманның осы жеңісті жолын үзуге мүмкіндігі бар.

Естеріңізде болса, «Prosports.kz» сайтында «Қайрат» және Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Игитаның «Әлемнің үздік қақпашысы» атағына үміткер екені жазылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер