Басқа

Шымкентте БАҚ өкілдері арасында турнир өтеді

Шымкентте БАҚ өкілдері арасында турнир өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай желтоқсанның 18 жұлдызында Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында «Тәуелсіздік – тірегім» атты республикалық жарыс өтеді. Доп додасында БАҚ өкілдерінен жасақталған командалар Шымкент қаласы әкімінің кубогын сарапқа салады.

Спорттық шара Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес халықты салауатты өмір салтына баулу, журналистер арасында әріптестік пен достықты арттыру, салауатты өмір салтын БАҚ өкілдері арасында насихаттау мақсатында өткізіледі.

Айта кетерлігі, мұндай ірі дүбірлі дода республикалық маңызы бар дербес қала – Шымкент шаһарында тұңғыш рет ұйымдастырылуда. Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, аталған жарысқа республикалық бәсекелерде көзге түсіп жүрген тәжірибелі БАҚ ұжымдары қатысады деп жоспарланып отыр. Атап айтсақ, Шымкенттегі ала доп аламанына Астана, Алматы, Талдықорған, Тараз, Қызылорда т.б. еліміздің басқа да аймақтарынан мықты командалар келмекші.

Теңбіл допты жанына серік еткен еліміздегі танымал БАҚ өкілдерін басын қосатын бұл турнирге Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы мен қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы, сондай-ақ Қазақстанның Журналистер одағы облыстық филиалы жоғары дәрежеде қолдау көрсетпек.

Шымкенттегі жарыстың жүлде қоры қомақты. Биылғы маусым айында «миллионды қала» атанған Шымшаһар бұл журналистер арасындағы доп додасының бас жүлдесіне 1 млн теңге тігіп отыр. Яғни, 1-орынға – 1 млн теңге, 2-орынға – 500 мың теңге, 3-орынға – 300 мың теңге. Сондай-ақ жарыста үздік өнер көрсеткен ойыншылар түрлі номинациялармен марапатталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер