Басқа

Алматыда Азия мен Мұхит жағалауы елдерінің чемпионаты өтуде

news-banner7
mobile-news-top
Джиу-джитсудан жылда өтетін Arlan Grip Selection турнирі аясында 18 жастан асқан ересектер National Pro Team бойынша сайысқа түседі.
8-9 желтоқсан аралығында осы жарыс аясында жасы 18-ден асқан ересектер мен әйелдер арасында грэпплингтен 2019 жылы АҚШ-та өтетін әлем чемпонатына жолдама үшін тартыс ұйымдастырылады. Қатысушылар AIGA (әуесқойлар) мен ADCC (тәжірибелілер) нұсқалары бойынша мықтыларды анықтайды. Азия мен Мұхит жағалауы елдерінің чемпионаты Алматыда осымен екінші рет өткелі отыр. Алғашқы рет ол 2016 жылы ұйымдастырылды. Биылғы жарысқа Австралия, Малайзия, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытайдан мықты спортшылар келеді. Жалпы грэпплингтен әлем чемпионатының жалауы екі жылда бір мәрте желбіреуде. Ал 2021 жылғы дүниежүзілік додада тек қана Қазақстанда емес, бүкіл ТМД елдерінде тұңғыш рет ұйымдастырылғалы отыр. Биылғы Азия мен Мұхит жағалауы елдері чемпионатының жүлде қоры 20 мың АҚШ долларын құрайды. Барлық турнирлер ABB Arena спорт кешенінде өтеді. Ақшалай сыйлықтардан бөлек жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы Arlan Grip медаліне ие болады. Жарыс күн сайын сағат 10:00-де басталады.


Түпнұсқасы: egemen.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер