Басқа

Жансель Дениз Ұлттық Спорттық Жүлде – 2018 кешіндегі әсерімен бөлісті

Жансель Дениз Ұлттық Спорттық Жүлде – 2018 кешіндегі әсерімен бөлісті
news-banner7
mobile-news-top

Таеквондодан Қазақстан құрамасының үздігі, Азия ойындарының күміс жүлдегері Жансель Дениз Ұлттық Спорттық Жүлде – 2018 кешіндегі әсерімен бөлісті. Спортшының айтуынша, ол мұндай шараға алғаш рет қатысып отыр.

- Шыны керек, мұндай ғажап кеште бұрын-соңды болмағанмын. Еліміздің таеквондошылары арасынан бірінші рет қатысып тұрмын. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Аталған салтанатты кеш алдағы маусым алдында үлкен жігер берді.

Осы орайда, естен кетпес мерекелік кеш сыйлаған Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетіне, спорт саласындағы барлық мамандарға алғыс білдіремін.

Меніңше, әрбір үміткер жеңімпаз деген атқа лайық. Барлық спортшылар үшін қуаныштымын.

Алдағы жаңа жыл мерекесінде барлық армандарыңыздың орындалуына тілектеспін!, - дейді Жансель.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер