Қысқы

«Golden Spin of Zagreb» халықаралық турнирінде екі қазақстандық спортшы жүлдеге ілікті

news-banner7
mobile-news-top

Желтоқсанның 4-9 аралығында Хорватия астанасы Загребте мәнерлеп сырғанаудан «Golden Spin of Zagreb» халықаралық турнирі өтуде. Аталған сында екі қазақстандық спортшы жүлдеге ілікті деп хабарлайды Olympic.kz.

Атап айтар болсақ, Рахат Бралин жасөспірімдер арасында қола жүлдегер атанды. Ол екі жаттығу қорытындысы бойынша 153.66 ұпай жинады.

Бұл бәсекеде алтын медальді италиялық Габриель Франгипани иеленді. Оның ұпай көрсеткіші - 195.21. Күміс жүлде қытайлық Юдонг Ченнің (166.25) еншісінде.

Жасөспірім қыздар арасындағы сында Алана Тоқтарова жүлделі үшінші орыннан көрінді. Бүгін Загреб айдынында ересектер арасындағы дода басталады. Қазақстан намысын Айза Имамбек, Никита Манько және спорттық жұп Жансая Адыханова мен Әбіш Байтқанов қорғайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер