Волейбол

Клубтар арасындағы әлем чемпионатында «Алтай» көш соңында қалды

Клубтар арасындағы әлем чемпионатында «Алтай» көш соңында қалды
news-banner7
mobile-news-top

Қытайда волейболдан өтіп жатқан клубтар арасындағы әлем чемпионатында өскемендік «Алтай» соңғы орындарға ғана таласады, деп хабарлайды Propsorts.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Біздің команда топтағы алғашқы матчта Түркияның «Эджзаджибаши» командасынан 0:3 (10:25, 11:25, 15:25) есебімен ұтылды.

Екінші ойынды бразилиялық «Прайяға» қарсы өткізіп, тағы да осындай есеппен ұтылған «Алтай» соңғы матчта да жеңіліс тапты.

Клубтар арасындағы Азия чемпионы, Таиландтың «Суприм» командасы «Алтайдан» 3:1 есебімен басым түсті.

Осылайша, «Алтай» «А» тобының аутсайдерімен 7-8 орынға ғана таласады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер