Қысқы

Бауыржан Байбек: Полиция әрекет етуі тиіс

Бауыржан Байбек: Полиция әрекет етуі тиіс
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Алматы әкімі Бауыржан Байбек Үлкен Алматы көлінің үстінде конькимен сырғанаған қыздың әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақстанның барлық азаматтары сияқты менде оны әлеуметтік желіден көрдім. Іс жүзінде біз әлеуметтік желіге үнемі мониторинг жасап отырамыз. Білуімше, полиция әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі тіркейді. Шындыында да ол тамаша жер және көлден су алынады. Дегенмен, су бірден алынады деп ойламаңыздар. Тазарту және өзге де құрылғылар бар. Бірақ, бұл көлде сырғанауға тыйым салынған», - деді Бауыржан Байбек.

Осы ретте қала әкімі полиция мұндай құқықбұзушылыққа әрекет жасауы тиістігін атап өтті. «Бірнеше күн бұрын ол қыздың кәсіби спортшы екендігін, сырғанағаннан кейін кешірім сұрағанын оқыдым. Әрекетінің дұрыс еместігін түсінді. Алайда, кешірім сұрау заңдық жауапкершіліктен босатпайды. Соған орай полиция да шағым түскеннен кейін әрекет жасауы тиіс», - деді қала басшысы.

Айта кетейік, алматылық студент Ксения Панкратованың Үлкен Алматы көлінде конькимен сырғанауы алматылықтардың арасында екіұдай пікір тудырды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер