Дзюдо

Бекарыс Сәдуақас: Келешекте ересектер арасында жеңіске жетемін

news-banner7
mobile-news-top

Ұлттық Спорттық Жүлде-2018 салтанатты кешінде «Үздік жас спортшы» атағын жеңіп алған Бекарыс Сәдуақас өзіне дауыс берген барша оқырманға алғыс айтты.

Биылғы маусым мен үшін ерекше жаңалықтарға толы болды. Өз салмағымда жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы атанып, командалық сында қола медальға иелік еттім.

Осы жетістігімді елеп-ескеріп, үміткерлер тізіміне қосқан Ұлттық Олимпиадалық комитетке, дауыс берген жанкүйерлерге рахмет.

Мен үшін бұл үлкен жетістік. Енді осы қарқынымнан қайтпай, алдағы ірі жарыстарда топ жарғым келеді. Ұйымдастырушыларға шын жүрегімнен алғыс айтамын, - дейді Бекарыс.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер