Қысқы

Рахат Бралин мен Алана Тоқтарова Хорватияда үздік үштікке енді

news-banner7
mobile-news-top

Желтоқсанның 4-9 аралығында Хорватия астанасы Загребте мәнерлеп сырғанаудан «Golden Spin of Zagreb» халықаралық турнирі өтуде. Аталған сында екі қазақстандық спортшы жүлдеге ілікті.

Атап айтар болсақ, Рахат Бралин жасөспірімдер арасында қола жүлдегер атанды. Ол екі жаттығу қорытындысы бойынша 153.66 ұпай жинады.

Бұл бәсекеде алтын медальді италиялық Габриель Франгипани иеленді. Оның ұпай көрсеткіші - 195.21. Күміс жүлде қытайлық Юдонг Ченнің (166.25) еншісінде.

Жасөспірім қыздар арасындағы сында Алана Тоқтарова жүлделі үшінші орыннан көрінді. Бүгін Загреб айдынында ересектер арасындағы дода басталады. Қазақстан намысын Айза Имамбек, Никита Манько және спорттық жұп Жансая Адыханова мен Әбіш Байтқанов қорғайды.

Еске сала кетейік, Загребтегі халықаралық турнир 2001 жылдан бері Олимпиадаға ұпай беретін турнир ретінде ISU бағдарламасына енген болатын. 2014 жылдан бері «Челленджер» санатындағы жарысқа баланады.

Қазақстандық Денис Тен 2009, 2014 және 2015 жылдары аталған турнирде үш мәрте жеңіске жеткен болатын.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер