Басқа

175 жылға сотталған педофил гимнастика федерациясын шығынға батырды

175 жылға сотталған педофил гимнастика федерациясын шығынға батырды
news-banner7
mobile-news-top

АҚШ құрамасының спорттық гимнастика федерациясы тақырға отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған себеп болған оқиға - дәрігер Ларри Нассардың сексуалды зорлық әрекеті.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың қаңтар айында сот төрелігі Нассарды 175 жылға бас бостандығынан айырған еді.

Сот отырысында 170-ке жуық куәгер (гимнаст қыздар) Ларридің сексуалды зорлық-зомбылық әрекет жасағанын айтты. Олардың ішінде Олимпиада чемпиондары Симона Байлс, Александра Райсман, Габриэлла Дуглас және Маккайл Мароунилар бар.

Зорлық-зомбылық көрген қыздарға жалпы саны 425 миллион доллар төленетіні айтылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер