Күрес

Алматыда бразилиялық джиу-джитсу және грэпплингтен Азия чемпионаты өтеді

Алматыда бразилиялық джиу-джитсу және грэпплингтен Азия чемпионаты өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда бразилиялық джиу-джитсу және грэпплингтан Arlan Grip Selection және Азия мен Океания чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz ақпараттық-спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап.

Желтоқсан айының 7-і күні бразилиялық джиу-джитсудан жылда өтетін Arlan Grip Selection турнирі аясында 18-ден асқан ересектер National Pro Team-нан сайысқа түседі.

8 және 9-ші желтоқсан осы жарыс аясында 18-ден асқан ересектер және әйелдер арасында грэпплингтен 2019 жылы АҚШ-та өтетін әлем чемпонатына жолдама үшін AIGA (әуесқойлар) мен ADCC (тәжірибелілер) тұжырымдары бойынша өзара мықтыны анықтайды.

Азия және Океания чемпионаты осымен Алматыда екінші рет өткізіледі. Алғашқы рет ол 2016 жылы ұйымдастырылды. Осы жолы сайысқа тәжірибелі грэпплерлер Австралия, Малайзия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай мемлекеттерінен келеді.

Осы жылғы Азия және Океания чемпионатының жүлде қоры 20 мың долларды құрайды.

Барлық турнирлер ABB Arena спорт кешенінде өтеді. Жарыстың басталуы күнделікті сағат 10:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер