Қысқы

Шорт-тректен әлем Кубогы кезеңінде бақ сынайтын спортшыларымыз белгілі

Шорт-тректен әлем Кубогы кезеңінде бақ сынайтын спортшыларымыз белгілі
news-banner7
mobile-news-top

Ертең Алматыдағы «Халық Арена» кешенінде шорт-тректен әлем кубогінің үшінші кезеңі өтеді.

7-9 желтоқсан аралығында өтетін додаға әлемнің 18 мемлекетінен 150-ден аса спортшы қатыспақ. Олардың қатарында әлем және Олимпиада чемпиондары бар.

Қазақстан шорт-тректен мұндай ірі доданы тұңғыш рет қабылдағалы отыр.

Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков өз жерімізде өтетін бәсекеде ел намысын кімдер қорғайтынын мәлімдеді.

Алматы айдынында төмендегі спортшыларымыз жүлдеге таласады:

Әйелдер: Әлия Ким, Анастасия Крестова, Ольга Тихнонова, Әсел Тайшыманова, Анита Нагай, Яна Хан.

Ерлер: Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Мерсаит Жақсыбаев, Еркебұлан Шамұханов және Әділ Ғалиахметов.

Биылғы маусым спортшыларымыз үшін жаман басталған жоқ. Калгариде өткен әлем кубогінің алғашқы кезеңінде Абзал Әжіғалиев үш бірдей Олимпиада чемпионымен жарысып, күміске иелік етті.

АҚШ-та өткен екінші кезеңде Денис Никиша үздік төрттік қатарынан көрінді.

Универсиада ойындарындағы жанкүйерлердің үлкен қолдауы халықаралық федерацияның бізге сенім артуына үлкен септігін тигізді. Біз «Халық Арена» трибунасынан спортшыларымызды қолдауға асығатын жанкүйерлерді күтеміз.

Ертең іріктеу бәсекелері басталады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер