Акмаль Бахтияров: Ресейдің Арменияға қарағанда деңгейі жоғары

Акмаль Бахтияров: Ресейдің Арменияға қарағанда деңгейі жоғары
news-banner7
mobile-news-top

Осыдан бір апта бұрын қазақстандық жас футболшы Акмаль Бахтияров мансабын Ресей біріншілігінде жалғастыратыны туралы жазған болатынбыз.

Болашағынан үміт күттіретін 20 жастағы дарынды футболшы Prosports.kz тілшісіне берген сұқбатында бұл ақпаратты растады.

- Ресейлік «Сочи» командасына ауысатыным рас. Ауызша келісімге келдік, бірақ әлі келісімшартқа қол қойған жоқпыз. Бір-екі мәселе бойынша келісіп алуымыз қажет. Бұйырса, қыста келісімшартқа отырамыз деп ойлаймын. Мен үшін бұл - бір қадам алға жылжу. Өйткені ол жақта Арменияға қарағанда деңгейі жоғары, - деді жас футболшы.

«Қайрат» футбол клубының түлегі биылғы маусымды алматылық команданың екінші командасында бастаған. «Қайрат А» командасы сапында Бірінші Лигада ойнағаннан соң жазда армениялық «Арцах» клубына ауысқан болатын. Жаңа командасында 12 ойында 5 гол соқты.

Ендігі 20 жастағы футболшы мансабын Ресейдің деңгейі жағынан екінші лигасында өнер көрсететін «Сочи» командасында жалғастырады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер