Қысқы

Алматыда шорт-тректен әлем кубогының кезеңі өтеді

Алматыда шорт-тректен әлем кубогының кезеңі өтеді
news-banner7
mobile-news-top

7-9 желтоқсан күндері Алматы қаласындағы Halyk Arena спорт кешенінің мұзайдынында шорт-тректен әлем кубогының үшінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «HUB» спорттық-ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Дүбірлі додада бақ сынау үшін Алматы төрінде 19 елден 151 спортшы келген. 2018/2019 жылғы маусымда әлем кубогы 5 кезеңнен құралған: бірінші кезең Канаданың Калгари қаласында 2-4 қараша күндері өтті. Екінші кезең 9-11 қараша күндері АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында болды. Енді, міне, спортшылар үшінші кезеңде бақ сынау үшін Алматыда жиналды.

Маусым соңында 5 кезеңнің қорытындысы бойынша әлем кубогының жекелей және командалық сындағы жеңімпаздары анықталды.

Қазір командалар үшінші кезеңге қызу дайындық үстінде. ISU мамандары мен спортшылардың айтуынша, Halyk Arena спорт кешенінің мұзайдыны әлемдік талаптарға сай.

Айта кетейік, әлем кубогының үшінші кезеңінің ашылу салтанаты 8 желтоқсан күні Halyk Arena кешенінде өтеді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер