Басқа

Шахмат ойнап үйренуге арналған қазақша кітап жарыққа шықты

Шахмат ойнап үйренуге арналған қазақша кітап жарыққа шықты
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасованың қазақ тілінде жазылған «Шахмат ойнап үйренейік» атты шахмат бойынша алғашқы кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Prosports.kz Орталық коммуникациялар қызметіне баспасөз қызметіне сілтеп.

«Кітап Shakhmardsn Yessenov Foundation атындағы ғылыми-білім қоры мен Қазақстандық шахмат федерациясы қолдауымен шығарылды. Кітапты жазуға бір жарым жыл уақыт кетті. Қазақ тілінде шахмат терминдері болмағандықтан, қазақша жазу өте қиынға соқты. Сондықтан кітапты жазу барысында тіл мамандарының көмегіне жүгіндім»,- деп атап өтті кітап авторы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, кітапта кейінгі кезеңдердің шахмат алфавиттері берілген. Шахматтармен танысу, тарих, ережелер, тактика, тапсырмалар, эфирлерді шешу, тапсырмаларға жауаптар, ойын барысында мінез-құлық ережелері оқулықта жазылған.
Айта кетсек, Динара Сәдуақасова - шахматтан төрт мәрте әлем чемпионы, «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, 2018 жылдың тамыз айында әлемдік рейтингінде 12-ші орынға ие болған әлемнің ең мықты шахматшыларының бірі.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер