ММА

«Сақ» UFC-дің бұрынғы жауынгерімен жұдырықтасады

«Сақ» UFC-дің бұрынғы жауынгерімен жұдырықтасады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық ММА шебері Асылжан Бақытжанұлының (7-1) кезекті жекпе-жегінің уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Талдықорған қаласында Alash Pride ұйымының қолдауымен өтетін «Орбұлақ шайқасы» атты турнирде Асылжан Бақытжанұлы бразилиялық Амилкар Алвеспен (18-18) жұдырықтасады.

38 жастағы тәжірибелі спортшы бразилиялық джиу-джитсудан қара дан иегері. INFUSION тұжырымының К-1 және Shooto ұйымының чемпионы. 2010 және 2011 жылдары UFC ұйымының аясында екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіліс тапқан.

Ал «Сақ» лақап атымен танымал Асылжан Бақытжанұлы соңғы кездесуін мамыр айында АСВ 86 турнирінде өткізген. Аталмыш жекпе-жекте қазақстандық спортшы қарсыласы Муслим Магомедовке екінші раундта есе жіберді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер