Бокс

Ермахан Ибраимов: Жылдар бойы талпынған адам жеңіске жетеді

Ермахан Ибраимов: Жылдар бойы талпынған адам жеңіске жетеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақтың даңқты боксшысы, 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов жас спортшыларға үндеу жолдады. Ол жастарды спорттағы ең биік шыңдарға жетуге шақырды деп жазады Olympic.kz.

«Жас спортшыларға еңбек етіп, тек алға басып, шыдамды болуды үйреніңдер деп айтқым келеді. Жылдар бойы өмірін спортқа арнаған жандар міндетті түрде чемпион атанады. Көптеген спортшыларымыз 2020 жылғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғамақ. Міне, сол бәсекеге үлкен дайындықпен аттану қажет. Спортшылар үшін әрбір дайындық пен әрбір жарыстың маңызы зор. Жарақаттан аулақ болудың қамын жасап, денсаулыққа аса сақтықпен қараңыздар.

Тамақтану режимін ұстанып, кез келген орында көзге түсе бермеңіздер. Жоғары деңгейлі спортшының алдында міндет көп. Ол өзінің, отбасының ғана емес, бүкіл мемлекеттің айнасы. Сол себепті, ең бірінші кезекте еліңді, содан соң өзіңді танытуың керек. Қазіргі таңда қазақ спортындағы резерв мәселесі шешілген. Министрлік, ҚР ҰОК, Федерациялар қарқынды жұмыс істеуде. Жалпы алғанда, спортшылардың жағдайы көңілден шығады. Олардың жеңіске деген жігері басым. Спортшылар ел намысын абыройымен қорғауы үшін мемлекет үлкен қаражат бөлуде. Міне, сіздің материалдық тұрғыдан жағдайыңызды жақсартуға да мүмкіндік бар.

Сондықтан, жас спортшыларға тек алға қадам басыңдар дегім келеді. Барлық талпыныстың бір жауабы болады. Ең бірінші кезекте өздеріңді жеңіп үйреніңдер. Егер діни сенімде болсаңыз, Жаратқанға құлшылық етіп, аренада күнә жасамауға тырысыңыз. Бұл олимпиада чемпионанына жараспайтын қылық. Құдайдың алдында да еңбекқор әрі таза болу керек. Сол кезде сіз нағыз чемпион боласыз», - деді Ибраимов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер