Командалық

Рустам Үкіманов: Азия ойындарының финалында командалық рухты сезіндім

Рустам Үкіманов: Азия ойындарының финалында командалық рухты сезіндім
news-banner7
mobile-news-top

Су добынан Қазақстан ерлер командасы 2018 жылдың үздік командасы атанды. Құрама капитаны Рустам Үкіманов маусымды қорытындылап, аталған жүлденің маңызы туралы ойымен бөлісті, деп жазады Olympic.kz.

Үкімановтың айтуынша, бұл маусымдағы ең басты мақсат – Азия ойындарында чемпион атану екен.

«Біздің ең басты бәсекеміз Азия ойындары болатын. Біздің алдымызда өзіміздің чемпиондық атағымызды қорғау міндеті тұрды. Дайындығымыз да түгелдей Азия ойындарына арналды.

Биылғы маусым қорытындысы көңілімізден шығады. Өйткені, алға қойған мақсаттарымыз орындалды. Алтын медаль иелендік. Су добы командалық ойын болғандықтан, әрбір ойыншының түпкі нәтижеге тікелей қатысы бар. Біз әрбір қарсыластың ойынын бағамдап, әрқайсысына жекелей дайындалдық.

Джакартадағы ең басты қарсыластарымы – Қытай мен Жапония болды. Осы екі команда бізге айтарлықтай тойтарыс берген еді. Дегенмен, біз өз мықтылығымызды паш етіп, жеңіске жеттік. Финалда командалық рухтың көмегі үлкен болғанын айта кеткен жөн.

Біздің еңбегіміз еш кеткен жоқ. «Жылдың үздік командасы» аталымында жеңіске жетіп отырмыз. Барлығы көңілімнен шықты. Осындай мерекелік кеш үшін үлкен рахмет», - деді Үкіманов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер