Блогбастер
Әлем футболы

Мина алаңы, сатқын, данышпан. Модричтің тарихы

Мина алаңы, сатқын, данышпан. Модричтің тарихы
news-banner7
mobile-news-top

2018 жылдың 3 желтоқсаны футбол әлеміндегі ерекше күн болып тіркеледі. Бұл күні Роналду мен Мессидің футболдағы үстемдігіне нүкте қойылды. Соңғы он жылда алғаш рет «Алтын допты» осы екі «өзгеғаламшарлықтан» басқа футболшы еншілеп отыр. Оны иеленген – Лука Модрич.

Луканың қыруар қаржы тауып, миллион фанаттарын қуантып жүргені қазір ғана. Бұл атаққа жету үшін хорват футболшысы үлкен қиындықтарды бастан өткізді. Соғыс миналары арасында өскенінің өзі не тұрады?

Мина алаңдарында өткен балалық

Бәрін басынан бастайық. Лука Хорватиядағы Задар деген қалада дүниеге келген. Алайда 90-жылдардың басында югославиялық соғыс басталды. Луканың ата-анасы оған Хорватияда соғыс болып жатқанын айтпаған. Сол соғыстың салдарынан Модричтің атасы қаза тапты – серб әскері ауылдағы қарт кісілердің бәрін көше ортасында дарға асқан. Кейін ауылдағы үйлерді түгелдей өртеп жіберді.

Сол күні 6 жасар Лука өз отбасымен бірге туған қаласынан қашып, соғыстың астында жатқан тағы бір қала Затонға көшкен. Болашақ футболшының әкесі соғысқа аттанып, Луканың отбасы бұзылған қонақүйлердің бірін паналады. Мұнда олар бес жыл бойы өмір сүрген.

Олардың қаласына сәт сайын снарядтар тасталып, автомат даусы естілетін еді. Тіпті, бұл қалада кішкентай балаларға сәл алысқа кетуге тыйым салынған. Себебі жан-жақты мина алаңдары қоршап жатқан болатын. Бірақ нағыз соғыстың қақ ортасында өмір сүріп жатса да, Лука футболға деген маххабатын жасырған емес – отбасы да баланың арманына балта шаппады. Қаржылық қиындықтарға қарамастан, Луканың әкесі оған жейде мен бутса сатып әперіп, спорт Академиясында оқытады. Аяққа киетін қалқанша таба алмай, оны ағаштан кесіп жасап береді.

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð¼Ð¾Ð´ÑÐ¸Ñ Ð² деÑÑÑве

Модрич өз жасы үшін арық әрі кішкентай болғанымен, бұл кемшіліктері оның талантын жасыра алған жоқ. Оны бапкері Томислав Башич те байқады. Сөйтіп, бапкер Лука мен тағы бір талантты жас футболшыны Сплитке алып барады. Байқаудан өтсе, футболшы өзінің арманындағы «Хайдук» клубында ойнайды. Бірақ жаттығудың үшінші күні Луканы тым кішкентай және физикасы әлсіз деген себеппен үйіне қайтарып жібереді. Лука сол сәтсіздікке қапаланып, тіпті, футболды тастағысы да келген. Бірақ тастамады. Сөйтіп, бес жылдан кейін Бащич жас футболшыны загребтік «Динамоға» кіргізіп берді.

ÐодÑÐ¸Ñ Ð¾ÑÐ±Ð¾Ñ Ð¸Ð³Ñа ÑÑÑбол Ðинамо загÑеб

Жанкүйерлер үшін сатқындық

Сөйтіп, болашақ «Алтын доп» иегерінің футболдағы мансабы басталды. Бір қызығы, Модрич әрқашан өзіне ұнайтын клубтардың «жаулары» сапында ойнаған. Бала кезінде «Хайдук» жанкүйері болса, мансабын «Динамода» бастады. АПЛ-да оған «Челси» ұнайтын, ал Лука «Тоттенхэм» намысын қорғады. Ла Лигада «Барселонаға» жанкүйер болған еді, ал қазір «Реал Мадрид» сапында көшбасшылық етіп жүр. Бірақ сатқындығы бұл емес.

Хорватияда Модричтің трансферіне қатысты үлкен жанжал шыққан болатын. Арсен Венгер 2008 жылы Луканы АПЛ үшін тым кішкентай деп жүргенде, оны «Тоттенхэм» сатып алды. Құны – 21 миллион еуро. Жанжал осы кезде басталды. 2015 жылы хорватиялық прокоратура Модрич трансфері үшін «Динамо» 10,5 млн еуро, яғни, ақшаның тең жартысын ғана алғанын анықтаған. «Динамоның» президенті болған Здравко Мамичтің жағдайы қиындады. Барлық жайтты түсіндіру үшін бір ғана адамның сөзі қажет болды, ол – Модрич. Луканың айтуынша, ақшаның қалған жартысы Луканың есепшотына аударылып, оны президенттің бауырлары алып кеткен. Сол сөздерден соң Мамич он жылға қамалуға жақын болған еді, бірақ екі жылдан кейін Лука сол айтқанынан бас тартты. Сонда ол трансфер ақшасын екіге бөлу туралы келісімге «Динамоға» ауыспас бұрын қол қойғанын айтып ақталды. Прокурорлар сенбеді. Осылайша, сұрақтың астында қалған Модрич ұлттық құрама сапында дебюті қай күні болғанын ұмытып қалғанын айтқан. Фанаттар үшін нағыз сатқындық – осы.

Себебі, Модрич Хорватиядағы ең жеккөрінішті адамдардың бірі саналатын Мамичті жақтап қана қоймай, ұлттық құрамадағы дебютін білмейтін болып шықты. Өз елін құрметтейтін кез келген футболшы құрамадағы дебютті сәтін бес саусағындай біледі емес пе? Луканың сол сөзінен кейін Хорватияның көптеген фанаттары одан теріс айналып кетті. Ал сол жанжалдың нүктесі әлі қойылған жоқ.

ÐодÑÐ¸Ñ Ð¢Ð¾ÑÑенÑÑм ÑÑÑбол

Әлем үздігі

«Тоттенхэм» сапында Луканың бағы жанды. Футболшы өзінің талантын толығымен көрсете алды. Сөйтіп, оған топ-клубтардан ұсыныс түсе бастады. Лондондық клуб оны жібергісі келмегенімен, 2012 жылдың жазында Модрич мадридтік «Реалдың» ойыншысы атанды. «Корольдік клубта» хорват үшін бәрі жақсы басталды деуге келмес. Алғашқы маусымында Marca басылымы Лукаға Примераның ең нашар жаңа ойыншысы деген атақ берген болатын.

Бірақ келесі маусымда командаға Карло Анчелоттидің келуімен Модрич жаңа қырынан көріне бастады. Бапкер оған жартылай қорғаныста толық еркіндікті беріп қойды. Енді «Реалдың» ойыны Модрич арқылы жүре бастады. Нәтижесінде, мадридтік команда десима алған болатын. Ал Зинедин Зиданның келуімен клубтың жаңа парағы ашылды. Тарихтың бұл бөлімін өздеріңіз де жақсы білетін шығарсыз. Чемпиондар лигасындағы қатарынан үш жеңіс – басқасын айтудың керегі де жоқ.

Ал биылғы әлем чемпионатының финалына шығып, турнирдің үздік ойыншысы атануы бекер емес. 4 миллионнан сәл ғана асатын тұрғыны бар Хорватия тарихта қалмақ. Себебі әлем чемпионатының финалында осындай кішкентай ел бұрын-соңды ойнамаған еді. Сол турнирде хорваттардың басты қаһарманы Модрич болды. Сондықтан, әлемнің үздік ойыншысы атағына – «Алтын допқа» сен лайықтысың, Лука!

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð¼Ð¾Ð´ÑÐ¸Ñ Ð·Ð¾Ð»Ð¾Ñой мÑÑ 2018

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер