Ауыр атлетика

Майя Манезаның алтын медалі канадалық ауыр атлетке берілді

news-banner7
mobile-news-top

Канадалық ауыр атлет Кристин Жирар Лондонда 2012 жылы өткен Олимпиаданың алтын медалін және Пекинде 2008 жылы өткен Олимпиаданың қола медалін алды. Оның себебі қазақстандық және ресейлік ауыр атлеттерінің допинг қолданғанданы анықталған, деп хабарлайды prosports.kz сайты today.kz-ге сілтеме жасап.

Кристин Жирарға марапаттары бүгін Канададағы Ұлттық өнер орталығында табысталды.

Басында ол Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері атанған еді, бірақ қазақстандық Мая Манеза мен ресейлік Светлана Царукаеваның қанынан тыйым салынған зат табылғандықтан, ол бірден алтын медаль иеленді.

Қола медальды да қазақстандық ауыр атлет Ирина Некрасованың бойынан допинг анықталғандықтан алып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер