Димитров «Ертіске» «Левски» қорғаушысын алудан бас тартқан

news-banner7
mobile-news-top

«Ертістің» бас бапкері Димитар Димитровқа «Левскидің» тунистік қорғаушысы Аймен Белаидті павлодарлық клубқа алуға ұсыныс түскен. Бұл туралы Kota Sport мәлім етті.

Белаидтің менеджері Димитровқа ойыншыны өз командасына алуды ұсынған. Қорғаушы осы маусымда «Левски» сапына ауысқанымен, көп уақытын қосалқы құрамда өткізді. Келісімшарты біткен Белаид енді еркін агент атанды. Оның Transfermarkt-тегі құны – 350 мың еуро.

Бірақ БАҚ-тың пікірінше, Димитров бұл футболшыны «Ертіс» сапына алуға келіспеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер