Велоспорт

«Астана» велоспортшысы Мадридте көлік апатына түсті

«Астана» велоспортшысы Мадридте көлік апатына түсті
news-banner7
mobile-news-top

Жексенбі күні Astana Pro Team командасының велоспортшысы Омар Фраиле Мадридте жол апатына ұшырады. Бұл туралы команданың Twitter-дегі ресми парақшасына сілтеме жасап, Baq.kz жазды.

Жол-көлік оқиғасында Фраиленің сүйіктісі де зардап шеккен. Енді оған ота жасалады. Ал спортшының алты қабырғасы сынып, омыртқасы жарақаттанған.

Екеуінің де өміріне қауіп төніп тұрған жоқ екені хабарланды.

Омар Фраиле – «Астана» командасы үшін жарысатын испаниялық велошабандоз. 2018 жылдың шілдесінде «Тур де Франс» көпкүндігінің 14-кезеңінде жеңіске жетті. Ол 188 шақырымды екінші категорияда 4:41:57 көрсеткішімен еңсерді. Спортшы бұл жеңісін Денис Тенге арнаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер