Бокс

БАҚ: Бірнеше промоутер Головкинмен келіссөз жүргізуде

news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин Premier Boxing Champions промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отыруы ықтимал, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Шон Джонстың хабарлауы бойынша, Головкин 2 желтоқсанда Лос-Анджелесте Уайлдер – Фьюри бокс кешінде PBC президенті Алем Хэймонмен кездескен.

Ал тағы бір журналист Майк Коппингердің ақпаратына сүйенсек, кездесу сәтті, енді Хэймон FOX немесе Showtime-мен келісімшартқа отыруға тырысады.

Ал Matchroom Boxing компаниясының басшысы Эдди Хирн дүйсенбіде Головкинмен келіссөз жүргізу үшін Лос-Анджелеске ұшып барған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер