Қысқы

Петропавлда тау шаңғы мектебі ашылды

news-banner7
mobile-news-top

Экстремалды спорт түріне қызығушылығы бар балалар үйірмеге осы бастан жазыла алады.

Өңірде бұл бірінші рет қолға алынғалы жатыр. Жаттығулар былтыр ғана ашылған тау шаңғы кешенінде ұйымтастырылады. Қазір онда қала тұрғындары келіп, жардан шаңғы, сноубордпен сырғанауда. Бүгінгі таңда бұл отбасылық демалыс орнына айналған. Жалпы, қысы жарты жылға созылатын Солтүстік Қазақстан облысында маусымдық туризмді дамыту бағдарламасы құрылған. Ол бойынша бірінші кезекте инфқұрылымды жақсарту жұмыстары жүргізіледі.

Мадияр Қожахмет, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:

- Біздің осы туристер тек қана жазғы демалысты таңдамай, қысқы демалысты да, оның ішінде аңшылық мәселелері бар, оны жақындап көбейіп жатыр. Сондықтан әрі қарай осы туристік бағыт Солтүстік Қазақстанда дамиды деген жоспарымыз бар.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер