Басқа

Arlan Grip Kids финалы рекордтық көрсеткішке жетті

news-banner7
mobile-news-top

Әр жылдың соңында Алматыда 6-17 жасар кез келген балалар мен жасөспірімдер арасында джиу-джитсудан өтетін Arlan Grip Selection Kids xалықаралық турнирінің финалына биыл 500-ден астам адам жиналды.

Кез келген қатысушы келіп, өз өнерін ABB Arena-да көрсетті. Осымен бұл айтулы жарыс биыл 4-ші рет өткізілді. Оның басты мақсаты елімізде джиу-джитсуды дамытып, елге таныту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

- Осы жылы жарыс Arlan Grip Selection аясында үшінші рет өткізілді. Жалпы бұл шара 2015 жылдың ақпан айынан басталған болатын. Жылдан жылға оның деңгейі өсіп, жас спортшылардың биылғы саны өте көп, ол бізді, әрине, қуантады, - деді жарыстың бас төрешісі Олжас Досжанов.

Жергілікті джитсерлардан бөлек, бұл сайысқа еліміздің әр өңіріи мен көрші Қырғызстан мемлекетінен келген жастарды қатысты. Сайыс IBJJF халықаралық федерация ережесіне сәйкес әр түрлі салмақ және жас дәрежелері бойынша ұйымдастырылды.

Бұл турнирге қатысқан қыздар мен ұлдар арасында көптеген жүлделерге ие болған оқушылар көрермендердің көздеріне түсіп, керемет көңіл күй сыйлады. Мәселен, танымал жас әлем чемпионы Жібек Құлымбетова бұл жолы да бірінші орынға табан тіресе, оның командаласы бірталай жарыстардың жүлдегері Ернар Қадырбек қарсыластарынан басым түсті.

- Бүгін менің жолым болып, бірінші орын иелендім. Қарсыластарым сары белбеу иегерлері болды, жеңіс оңайлықпен келмеді. Бұл менің алғашқы алтыным емес. Осындай жеңістер алда көп болады деп сенемін, - деді 44 келі салмақта жеңімпазы Ернар Қадырбек.

Барлық жарыс қатысушылары оның жоғары деңгейде өткенін мәлімдеп, көтеріңкі көңіл күйде жүргендерін жасырмады. Олар ұйымдастырушыларға осындай спорттық мереке сыйлағандарына өз алғыстарын білдірді.

- Мен алтын медаль алып, қуанып отырмын. QTT клубында екі жылдай айналысып келемін, маған бұл спорт өте ұнайды. Осымен бұл менің 10 алтын жүлдем. Болашақта чемпион болғым келеді, - деп өз ойымен 7-жасар Айсұлтан Жұмағали бөлісті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер