Полторанин Әлем кубогы кезеңінің ізге түсу жарысында 36-шы орын алды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызНорвегияның Лиллехаммер қаласында шаңғы жарысынан Әлем кубогының екінші кезеңі 15 шақырымға классикалық стильдегі ізге түсу жарысымен аяқталды.
Бұл жарыста норвегиялық шаңғышылар жүлдеге ілікті – Дидрик Тёнсет, Рёте Сьюр және Эмиль Иверсен.
Ал Қазақстан сапында үздік нәтижені Алексей Полторанин көрсетті, ол мәре сызығын 36-шы болып кескен.
Шаңғы жарысы. Әлем кубогы. Екінші кезең. Лиллехаммер (Норвегия).
Жеке жарыс.Ерлер. 15 км. Классикалық стиль.
1. Дидрик Тёнсет (Норвегия) — 44:12.0
2. Рёте Сьюр (Норвегия) — +1.6
3. Эмиль Иверсен (Норвегия) — +1:03.3
36. Алексей Полторанин (Қазақстан) — ++2:07.1
57. Денис Волотка (Қазақстан) — +4:18.3
67. Виталий Пухкало (Қазақстан) — +4:51.3
68. Олжас Климин (Қазақстан) — +5:11.2.