Қазақ күресі

«Әлем Барысының» финалистері анықталды

«Әлем Барысының» финалистері анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Әлем барысы-2018 чемпиоатында финалдық белдесуге Айбек Нұғымаров пен Ерсұлтан Мұзафаров шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жартылай финалда кездескен Ресей балуаны Роман Бобиков пен қазақстандық Ерсұлтан Мұзафаровтың кездесуі көптің есінде қалары сөзсіз. Өзінен әлдеқайда алып денелі орыс балуанын отандасымыз алғашқы секундтарда-ақ біршама састырғаны анық. Көптің қолдауынан күш алған Ерсұлтан төрт мәрте әдіс қолданып, Бобиковты жартылай финалда сүріндірді.

Бұдан кейін Айбек Нұғымаров пен гүржі балуаны Гурам Тушишвили кездесті. Алғашқы екі бүк ұпаймен алға шыққан Тушишвили былтырғы есесін биыл қайтармаққа барын салды. Алайда 3 минут 35 секундта Айбек оны таза жеңіп, финалға шықты.

Еске сала кетсек, былтыр елордада өткен «Әлем барысында» дәл осы екі қарсылас финалда кездесіп, Айбек «Әлем барысы» атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер