Командалық

Азия чемпионаты: Гандболдан Қазақстан құрамасы Иранды жеңді

news-banner7
mobile-news-top

Жапонияның Кумамото қаласында гандболдан қыздар арасында өтіп жатқан Азия біріншілігінің екінші туры аяқталды. Осы ойында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екінші кездесуде біздің құрама Иранмен шеберлік байқасты. Бұл ойында қазақстандық гандболшылар өздерін жақсы қырынан таныта білді. Біздің құрама қарсыластарын 41:26 есебімен тізе бүктірді. Қазақстан гандболшы қыздары ойын көрсетіп жатқан А тобында Жапония Аустралияны 37:18 есебімен жеңді.

Екі турдан кейін көш басында жапон қыздары келеді. Екінші орында Қазақстан құрамасы тұр.Одан кейінгі орындарда Иран, Австралия және Жаңа Зеландия құрамалары орналасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер