Велоспорт

Кирилл Казанцев маунтинбайктан Азия кубогіне қатысады

news-banner7
mobile-news-top

3 желтоқсан күні Брунейде маунтинбайктан Азия кубогінің кезеңі өтеді. Аталған сында ел намысын Азия ойындарының қола жүлдегері Кирилл Казанцев қорғайды деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгінде қазақстандық спортшы әлем кубогінің жалпы есебінде көш бастап келеді. Егер ол осы жолы да тұғырдан көрінсе, бірінші орында қалатыны анық.

«Жалпы есепте бірінші орында тұрмын. Жарысқа жақсы дайындықпен келдім. Дайындыққа келер болса, өз елімізде күн суып кеткенін білесіздер. Ал мұнда термометр бағаны +35 градусты көрсетіп тұр.

Сол себепті, климатқа бейімделу қиынға соқты. Қазақстан атынан жалғыз өзім қатысудамын. Жүлделі орын аламын деген үмітім басым. Көш басында қалу үшін қажетті ұпайды жинауым керек», - дейді Казанцев.

Казанцев жақында өткен Азия кубогінің кезеңінде күміс жүлдегер атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер