Дзюдо

Асхат Житкеев: 2019 жылы бізді тартысты жекпе-жектер күтіп тұр

news-banner7
mobile-news-top

2018 жыл аяқталуға жақын. Қазақстандық спорт мамандары жылды қорытындылап, келесі жылға жоспар құрып жатыр. 2019 жыл спортшылар үшін өте маңызды жыл болып табылады. Себебі, кейбір спорт түрлерінен осы жылы Олимпиадаға іріктеу жарыстары өтіп, ұпайлар беріледі.Өз кезегінде халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес дзюдодан да лицензиялық турнирлер өтеді.

Біз бүгін дзюдошылардың 2018 жылғы көрсеткішін қорытындылап, дзюдошылар алдына қойылған мақсаттардан хабардар болу үшін Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Житкеевпенәңгімелескен едік.

- Асхат Расулұлы, 2018 жылды қорытындылай өтсеңіз. Спортшылардың нәтижесі көңіліңізден шықты ма?

- 2018 жыл спортшылар үшін өте табысты жыл болды деуге болады. Себебі, бір жылда ересектер құрамасы Азия ойындары мен Әлем чемпионаты сынды екі ірі жарысқа қатысып, ел намысын аброймен қорғаса, жастар құрамасы Әлем чемпионатында тарихи жүлдеге ие болды. Ал Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Аргентинада өткен жасөспірімдер Олимпиадасында жоғары нәтижеге қол жеткіздіАтап айтқанда, дзюдошыларымыз Дидар Хамза Азия ойындарында алтыннан алқа тақса, Елдос Жұмақанов, Отгонцэцэг Галбадрах және Гүлжан Исанова қоланы қоржынға салды.

Азия ойындарында биыл бірінші рет өткізілген аралас командалық сайыста Қазақстан құрамасы финалға дейін қарсылас шақ келтірмей, күміспен күптелген еді. Араға 17 күн салып, дзюдошыларымыз Әзірбайжан астанасы Бакуге аттанды. Баку татамиінде Галбадрах Отгонцэцэг қола медаль жеңіп, Әлем Чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері атанса, Ерлан Серікжанов Әлем чемпионатының күміс жүлдесін ұтып алды.

Жастар арасында өткен Әлем чемпионатында да дзюдошыларымыз ағаларының ізімен бізді қуантты. Жекелей сында Жанболат Бағытбергенов қоланы алса, аралас командалық сайыста Қазақстан құрамасы тарихи қола жүлдеге қол жеткізді. Себебі, бұған дейін Әлем чемпионатының аралас командалық сайысында Қазақстан құрамасы жүлдеге ілінбеген болатын. Жасөспірімдер құрама командасының жетістіктерін ауыз толтырып айтуға болады. Аргентина астанасы Буэнос-айресте өткен жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан сапынан екі дзюдошы қатысып, екеуі де үмітті ақтады. Бекарыс Сәдуақас алтын алып, жарыс Чемпионы атанса, Маргарита Гриценко ел қоржынына күміс медаль салған болатын.

Нәтижесінде, қазақстандық дзюдошылар биыл халықаралық жарыстарда өте жоғары нәтижеде өнер көрсетіп, 179 медаль жеңіп алды. Бұлардың барлығы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің қолдауының арқасында деп толық сеніммен айта аламын. Меніңше, спортшыларымыздың көрсеткіштеріне қарап, 2018 жылдағы жоспар орындалды. Десе де, дзюдошылар үшін бұл жыл әлі аяқталған жоқ. Желтоқсан айында әлемнің ең мықты татами шеберлері Қытай татамиінде «Masters» турнирінде күреседі. Осы жарыстан кейін ұлттық құрама бапкерлері спортшылардың күресіне қарап, жыл қорытындысын шығарады деп ойлаймын.

Дзюдошыларымыздың халықаралық аренадағы көрсеткішіне қарап, еліміздегі дзюдоның қарқынды дамып жатқанына көз жеткізуге болады. Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес елімізде бір емес, екі ірі жарыс өтті. Алматы қаласында Б.Махмұтовтың құрметіне арналған жастар арасында ашық Азия кубогы өтсе, Ақтау қаласында Т. Жолдыбаевты еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасында ашық Азия кубогы өтті.

Сондай-ақ, бұл жыл тек біздің спортшыларымыз үшін емес, барлық дзюдо сүйер қауым үшін маңызды жыл болды. Себебі, биыл Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына ұпайлар беріле бастады. 2018 жылдың қаңтар айында бекітілген ереже бойынша, енді Олимпиадаға әлем рейтингінде алдыңғы 18-орында тұрған дзюдошылар қатыстырылады. Осыған дейін Олимпиадаға TOP-22 дзюдошы қатысса, енді оның саны 4-еуге қысқарып отыр. Ұлттық құрамадағы спортшылардың қазіргі көрсеткіші жаман емес. Десе де, 2019 жылы Токио Олимпиадасында мүмкін етілген 7 жолдаманың 7-еуіне де ие болу үшін тынбай жұмыс істейтін боламыз. 2019 жыл біз үшін тартысты жыл болғалы тұр.

- Осы мақсатты орындап, дзюдошылардың нәтижесін қазіргіден де жақсарту үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

- Дзюдошылардың нәтижелерін жақсарту үшін халықаралық оқу-жиындарына қатысып, әлемдік жарыстарға қатысып, тәжірибе алмасып отыру керек. Биыл дзюдошылар 6 рет халықаралық оқу-жаттығу жиындарына қатысса, 2019 жылы 8 оқу-жаттығу жиындарына қатысу жоспарланып отыр. Бұл біздің спортшыларымыздың тек қана шеберлігін шыңдамай, елдер арасында ынтымақтастықты қалыптастырып, достықты нығайтады деп ойлаймын.

- Спортшылардан басқа, Қазақстанда дзюдоның жалпы жағдайы қандай?

- Осы тұрғыда спортшылардың халықаралық аренада ел намысын абрыроймен қорғауы - біздің еліміздің спортшыларды қолдап жүргендерінің арқасында. ҚР Ұлттық Олимпидалық комитеті осы тұрғыда үлкен жұмыс атқарып отыр. Тек қана спортшылар емес, жаттықтырушылар мен төрешілер, ғылыми-кешенді топтағы дәрігер, массажист сынды білікті мамандар да осындай қолдаудың арқасында біліктіліктерін арттырып жүр. Мәселен, төрешілер Жапонияның Кодакан инстутында 5-31 наурыз аралығында біліктіліктерін арттырып келсе, қазіргі таңда жаттықтырушылар халықаралық дзюдо федерациясының арнайы семинарына дайындалып жатыр.

Халықаралық дзюдо федерациясы академиясының жаттықтырушыларға арналған І дәрежелі бағдарламасында жаттықтырушылар дзюдоны жаңадан бастаған жас мамандармен жүйелі жұмыс істеп, теорияны тәжірибеде қолдануды үйретеді. Қазақстандық қатысушылар екі апталық онлайн оқу курсын сәтті аяқтаса, жаттықтырушыларды халықаралық дзюдо федерациясының мамандары арнайы келіп дайындайтын болады. Мұндай Халықаралық Олимпиада комитетінің Олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Сөзсіз, мұндай ірі жобалардың барлығы Қазақстанда Ұлттық Олимпиадалық комитетінің қолдауымен өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер