Қазақстан «Достастық кубогында» Беларусь құрамасынан ұтылды
![Қазақстан «Достастық кубогында» Беларусь құрамасынан ұтылды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1390653815_313552654.jpg?v=28704858)
Футболдан жастар ұлттық құрамасы «Достастық Кубогының» алғашқы ойынында жеңіліс тапты.
Белорусь құрамасымен кездесу 1:4 есебімен аяқталды. Қазақстан сапындағы жалғыз голды екінші таймда Бауыржан Исламхан соқты.
Ертең жерлестеріміз Мәскеу құрамасымен кездеседі. Матч Астана уақытымен сағат 18:30-да басталады.
Достастық кубогы.
Беларусь U-21-Қазақстан U-21 - 4:1 (4:0).