Қысқы

«Медеу» мұз айдынында екі күн коньки тебуді үйрететін курс ұйымдастырылады

news-banner7
mobile-news-top

Екі күн бойы, 1 жəне 2 желтоқсанда «Медеу» мұз айдынында коньки тебуді үйренгісі келгендерге тегін курс ұйымдастырылады.

"Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында арнайы киімдегі 20 нұсқаушы сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін құлшыныс танытқан барлық адамдарға коньки тебудің техникасын үйретеді.

Бұл бағдарламаның басты мақсаты - тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Естеріңізге сала кетейік, кіру жəне конькиді жалға алу бағасы «Медеу» биік таулы спорт кешені ұсынған прейскурантқа сəйкес.

Ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар ойнату қарастырылған

Түпнұсқасы: almatysports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер