Б. Калкназаров блогы
Футбол

Куман жаңалығы

Куман жаңалығы
news-banner7
mobile-news-top

Өткен фифа күндерінде бір қатар елдердің құрмалары өз ойындарын өткеріп алды. Осы орайда Еуропада жаңа пайда болған, Ұлттар Лигасы турнирі өткерілді. Онда Қазақстан құрамасыда өз ойындарын өткергенін білеміз. Бірақ қазір мен Голландия құрамасы жайлы айтқым келіп отыр. Ия соңғы кездерде 2010 жылғы әлем чемионатының финалшылары, өздерінің әлем футболындағы орны мен бірге футбол стилінде жоғалтқан болатын. Ал Ұлттар Лигасындағы көрсеткен ойындары, жәнеде тобында соңғы екі әлем чемпиондары (Франция мен Германия) бар топтан 1 орынды иелеп шығу олардың, сол өздернің орнына қайтып жатқандай ой тудыруда. Мейлі қазір ол жайлы да емес, Голландия құрамасына қазіргі күнде Рональд Куман бапкерлік етеді. Ол бас құраманың басына келгелі команданың ойыныда өсті . Менің айтайын дегенім, кешегі Германия құрамасымен ойынан соң бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан кең талқыға салынған оқиға. Яғни Куман ойыннан кейін Нидерланды чемпионатының барлық клубтарының бас бапкерлерін жинап, олар менен соңғы ойын жайлы ой-пікірлерін алмасқан. Толығырақ айтсақ тактика жайында және де ойын схемалары. Соның менен бірге әр клубтың ойыншылары жайлы тоқталып өтіп, осындай футболшылар жетістіріп беріп отырғандарына рахмет айтып, тағыда алдағы уақытта қандай жоспарлары бар екенін, бапкерлерге ұлттық құрама ойыншыларын әліде жетілдіру үшін біргелікте бас қосып жұмыс істесіп көмектесуге шақырған. Менің ойымша бұл ел футболын көтеру жолындағы нағыз тапқырлық, «эврика». Бұл жайлы мен неге айтып отырмын, бізде осы Голландия футболынан, Куманнан үлгі алсақ дегенім. Мысалыға Қазақстан ұлттық құрама бас бапкері Стоилов мырзада осылай, құрамамыз әр ойынынан соң үлкен жиналыс жасап, бар қәтеліктеріміз жәнеде жетістіктерімізді талқылап, алдағы күнде футболымыз қай жолмен жүру керектігін жәнеде футболшыларымыз ойын сапасын арттыру үшін чемпионаттағы клуб бапкерлерімен пікір бөлісіп жоспарларымен ортақтасса. Ата- бабаларымыз айтқандай « шапалақ, екі қолдан шығады». Бұл футбол, қазақ футболы тек өзімізге керек, соның үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарар кез келді. Ал Куман практикасы әлемде кең тарқалуы әбден мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер