Головкин Мессиге өз қолғабын сыйлады. Видео
![Головкин Мессиге өз қолғабын сыйлады. Видео](https://prosports.kz/upload/news/content/472_94163d4fafed242c179dd75bfa170310.jpg?v=28649159)
Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин «Барселона» футболшысы Лионель Мессимен кездесті.
Спортшылар қазақстандық-израильдік Sirinlabs стартапы жасаған алғашқы блокчейн-смартфонның тұсаукесерінде кездесті. Екі спортшы да компанияның бренд-амбассадоры саналады.
Мессимен кездесу сәтінде Головкин футболшыға өз қолғабын сыйға тартты.