Григорий Бабаян: Біз өте жақсы ойын өткіздік

Григорий Бабаян: Біз өте жақсы ойын өткіздік
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» футбол клубы бас бапкерінің уақытша міндетін атқарушы Григорий Бабаян Еуропа Лигасының бесінші туры аясындағы «Динамоға» (0:1) қарсы кездесу соңында ойын туралы өз пікірімен бөлісті:

— Біз бүгін жүйелі ойын көрсеттік. Гол соғатын өте көп мүмкіндік болды. Жүз пайыздық 6-7 мүмкіндік болды. Біз кем дегенде тең ойынға лайықты едік. Ал «Динамо» өздерінде болған жалғыз мүмкіндігін сәтті пайдаланып кетті. Дәл мұндай кездесулерде гол соғу өте маңызды. Біз ойын жүйесі, барысы тұрғысында тең нәтижеге лайық едік. Өкінішке орай, ол қолымыздан келмеді. Футбол әрдайым жазалайды. Киевтіктерді топтық кезеңнен әрі өтуімен құттықтаймын.

— Шомко жарақатынан кейін алаңға шықты. Зайнутдиновты алмастыруыңыздың себебі неде?

— Мен екінші шабуылшыны алаңға шығаруды көздеген едім. Алайда, Заунутдинов жарақат алып қалғандықтан, Шомконы алаңға шығаруға тура келді.

— «Реннға» қарсы кездесу алдында жолдастық кездесу өткізу жоспарыңызда бар ма?

— Біз Франциядан бізге қарсылас болатын команда таптық. Жақын уақытта ол туралы ақпаратты білетін боласыздар.

— «Астанаға» гол соғу үшін қанша мүмкіндік керек?

— Бүгінгідей ойында соңына дейін ойнау өте маңызды. Біз гол соғатын өте көп мүмкіндікті жіберіп алдық. Өте қиын сұрақ. Шабуылшыларға тағар сын өте көп. Ал олардың ойында барын салғанына ештеңе айта алмаймын. Дәл мұндай кездесуде, өзіңде болған мүмкіндікті пайдалану өте маңызды.

— Педро Энрикенің орны ойсырағаны байқалды...

— Әрине, ол анық көрінді. Дегенмен, Педро болмағандықтан, біз кездесуде жеңілдік дей алмаймын. Оның орнына шыққан ойыншылар өздерінің негізгі құрамға лайық екендіктерін дәлелдеулері тиіс.

Түпнұсқасы: fca.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер