«Астана» өз алаңында «Динамодан» жеңіліп қалды

«Астана» өз алаңында «Динамодан» жеңіліп қалды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның бес дүркін чемпионы «Астана» футбол клубы Еуропа Лигасы аясында «Динамо» (Киев, Украина) командасын қабылдады, деп жазады prosports.kz.

«Динамоға» қарсы ойын «Астананың» Еуропа лигасы топтық кезеңі аясында өз алаңында өтетін соңғы матчы болатын.

«Астана Аренадағы» биылғы соңғы ойын сәтсіз өтті. Григорий Бабаян шәкірттері бірінші таймда 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Гол соққан қарсыластардың 7-ші номерлі ойыншысы Вербич.

Ал екінші таймда жергілікті жанкүйерлердің қолдауынан күш алған елордалық футболшылар барын салды. Тынымсыз шабуылдар ұпай алуға көп мүмкіндік тудырған еді. Алайда, сәттілік жетіспеді. Екінші таймда есеп өзгерген жоқ.

Еуропа лигасы. Топтық кезең
5-ші тур

«Астана» - «Динамо» - 0:1 (0:1)

Гол соққан: Вербич

«Астана»: Эрич, Рукавина, Аничич, Кляйнхайслер, Томасов, Маевский, Зайнутдинов, Ричард Алмейда, Кабананга, Постников, Муртазаев;

«Динамо»: «Динамо»: Бойко, Че Че, Вербич, Шепелев, Шапаренко, Цыганков (К), Миколенко, Сидклей, Бурда, Кадар, Кендзера.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер