русский язык
Хоккей

«Барыс» қатарынан төртінші рет ұтылды

«Барыс» қатарынан төртінші рет ұтылды

Елордалық «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда екатеринбургтік «Автомобилистен» жеңіліп қалды.

Бірінші период тең аяқталды. «Автомоболист» хоккейшісі Алексей Симаковтың шайбасына, елордалық Брэндон Боченски нәтижелі соққымен жауап берді.

Екінші периодта уралдықтар Ари Ахоненнің қақпасына екі жауапсыз шайба  соқты. Артынша, Сергей Демагин төртінші голды соғып үлгерді, дегенмен «Барыс» хоккейшісі Ландин бір гол қайтара алды. Дегенмен, «Автомобилист» сапында Левандовский дубль жасап, командасын мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне шығарды. Қорытынды есеп – 6:2.

«Автомобилист» (Екатеринбург) – «Барыс» (Астана) 6:2 (1:1, 2:0, 3:1)

1:0 – Симаков – 10:40

1:1 – Боченски – 17:11

2:1 – Симаков (Мегалинский) – 21:40

3:1 – Лазарев (Леписте) – 32:05

4:1 – Демагин (Мегалинский, Федоров) – 50:35

4:2 – Ландин – 52:42

5:2 – Левандовский (Ефимов, Гусев) – 54:09

6:2 – Левандовский – 56:47

Қақпашылар: Коварж – Ахонен

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;