Ұлттық спорт

Алматыда абсолютті əлем чемпионаты өтеді

news-banner7
mobile-news-top

2 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында жер жаһанның 30 мемлекетінен келген 34 балуанның қатысуымен қазақ күресінен ІІ абсолютті әлем чемпионаты өтеді.

Бұл жарыста біздің елдің намысын бес балуан қорғайды!

Естеріңізге сала кетейік, қазақ күресінен І абсолютті әлем чемпионаты «Әлем Барысы» деген атаумен былтырғы жылы Астанадағы «Барыс Арена» сарайында өткен болатын. Сол бәсекеде 35 мемлекеттен келген балуандар күш сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша Айбек Нұғымаров (Қазақстан) бірінші орын алса, Гурам Тушишвили (Грузия) екінші және Ержан Шыңкеев (Қазақстан) үшінші орынды иеленген болатын
Түпнұсқасы: http://almatysports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер