МӘССАҒАН
Басқа

Балалар үйінде ХҒС-ның 20 жылдығы аталып өтілді

Балалар үйінде ХҒС-ның 20 жылдығы аталып өтілді
news-banner7
mobile-news-top

2018 жылдың 24 қарашасында «Ковчег» балалар үйінің тәрбиеленушілері CosmoDay шеберлік-сыныбы аясында Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) 20 жылдық мерейтойына орай, аспанға зымыранды ұшырды. Еліміздегі №1 балмұздақ өндіруші - «Шин-Лайн» компаниясы алматылық «Spacecraft» зымыран - моделдік клубының қолдауымен балаларға арналған танымдық іс-шараны ұйымдастырды.

CosmoDay-де балалар өздерін инженер сияқты сезінді. Балалар ғарыш кемесі қандай элементтерден тұратынын және оны ғарышқа қалай ұшыру керек туралы мағлұмат алды. Ал артынша олар құрастырылған зымыранды аспанға жіберді…

«Ковчег» тәрбиеленушілері ғарышты игеру тарихы, зымыран құрылысы, ХҒС-ның құрылысы және қызметі туралы қысқаша баяндаманы тыңдады.

Өз кезегінде Добсонның Levenhuk Ra 300N Dob телескопы балаларға есте қаларлық әсер қалдырды, себебі олар бірінше рет телескопты іс жүзінде бақылады.

«Біздің компанияның мақсаты - дәмді және сапалы балмұздақ өнімдерін өндіру ғана емес, сонымен қатар балаларға қуаныш сыйлау, олардың дамуына ықпал ету», - деді «Шин-Лайн» ЖШС Бас директоры Владимир Пак.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер