Дзюдо

Дзюдошыларымыз Польшадан жеңіспен оралды

news-banner7
mobile-news-top

Польшаның Олесница қаласында дзюдодан жастар арасында халықаралық турнирде қазақстандық дзюдошылар жеті медаль жеңіп алды.

ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, турнирге 21 елден 347 татами шебері қатысты.

Қазақстан жастар құрамасынан 15 дзюдошы қатысып, оның 7-еуі жүлдемен оралды. Атап айтар болсақ, Ерлан Уналов (55 келі), Билал Болат (60 келі), Сәлімбаев Нұрзат (66 келі) және Шынтас Серікболсын (90 келі) жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрініп чемпион атанса, Әбілхайыр Ұлықбек (55 келі) күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал, Алмазұлы Сүйініш пен (55 келі) Айбар Мұқышев (73 келі) қола медальға қол жеткізді. Осылайша Хатип Арсен мен Мықтыбеков Нұрбек баптайтын жастар құрама командасы медаль саны бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер