Бокс

Британиялық сарапшы: Бізде Елеусінов секілді таланттар көп

Британиялық сарапшы: Бізде Елеусінов секілді таланттар көп
news-banner7
mobile-news-top

Sky Sports сарапшысы Джонни Нельсон қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің жеңісі жайынла өз пікірімен бөлісті.

«Бізде жас таланттар жеткілікті, олар Елеусіновтен жақсырақ. Сол Джош Келлидің өзін алайық, ол Олимпиадада Елеусіновтен ұтылған болатын, бірақ, қазір, менің ойымша, ол Даниярды жеңіп алады », – дейді Нельсон.

Дегенмен британялық жанкүйерлердің көбі Нельсонның пікіріне қарсы шықты.

Айта кетейік, Данияр өзінің соңғы жекпе-жегінде никарагуалық Маркос Мохиканы (16-2-2, 12 КО) жеңді. Елеусінов қарсыласын бірнеше рет нокдаунға түсірген, ал үшінші раундты Мохиканы техникалық нокаутқа жіберді.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокста бес жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтады. Оның үшеуін нокаутпен тәмамдаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер