Бокс

Зәуірбектің промоутері: Сұлтан Головкинге қарағанда көп қимылдайды

Зәуірбектің промоутері: Сұлтан Головкинге қарағанда көп қимылдайды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зәуірбектің промоутері, MTK Global менеджерлік компаниясының халықаралық кеңесшісі Майк Альтамура оны Геннадий Головкинмен салыстырды.

«Ол соңғы жекпе-жегінде тамаша жұдырықтасты деп ойлаймын. Керемет соққыларының арқасында қарсыластың қорғанысынан саңлау тапты. Ол - мықты әрі жас боксшы. Головкинмен салыстырғанда, Сұлтан қарымта шабуылға иек артып, көбірек қимылдайды. Менің ойымша, ол өз отандасының жолын қууы мүмкін», - дейді Альтамура.

Естеріңізге салсақ, Сұлтан Зәуірбек өткен сенбіде Монте-Карлода никарагуалық Эдвин Теллесті нокаутпен жеңіп, кәсіпқой рингтегі екінші жеңісіне қол жеткізген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер