Командалық

Қазақстан құрамасы әлем кубогының жартылай финалына шықты

news-banner7
mobile-news-top

Біріккен Араб Әмірлектерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан таеквондодан командалық әлем кубогында Қазақстан құрамасы жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алғашқы кездесуде қазақстандықтар Кот-д'Ивуар құрамасымен тең түсті. Есеп – 92:92. Екінші жекпе-жекке белгісіз себептермен Оңтүстік Корея құрамасы шықпай қалды. Автоматты түрде үшінші айналымға жолдама алған біздің құрама Ресейден ғана ұтылды. Десе де, ұпай саны бойынша отандық таеквондошылар жартылай финалға өтті. Ақтық сын жолдамасы үшін қазақстандықтар Иран құрамасымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер