Ұлттық спорт

Алматыда Құсбегіліктен Азия ашық чемпионаты өтеді

news-banner7
mobile-news-top

30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Алматы қаласында Құсбегіліктен II Азия ашық чемпионаты өтеді.

Алматы қаласы әкімдігі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, «ТІКА» түрік
ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің қолдауымен және ҚР Ұлттық спорт
қауымдастығының, «Қыран» федерациясының ұйымдастыруымен өтетін Құсбегіліктен II
Азия ашық чемпионатына онға жуық мемлекеттің командалары қатысады.

Қазақстанның өзінен жетпістен астам құсбегі бақ сынамақ. Ал, алыс-жақын шетелдерден жарысқа
қатысатын құсбегілер саны жиырмадан астам. Венгрия, Словакия, Италия, Испания, Түркия,
Ресей, Монғолия, Өзбекстан, Шотландия, Чехия және Қырғызстан мемлекеттерінен жарысқа
қатысу өтінімдері түсті.

Бүркітті шырғаға түсіру, түлкі мен қоянға салу, қаршыға, сұңқар,
ителгімен қоян, кептер ұстау, ителгіні далбайға ойнату – Құсбегіліктен II Азия ашық
чемпионатының ең қызықты бәсекелері.

Еске салып өтсек, 2013 жылы Астана қаласында бүркітшіліктен дүниежүзілік
фестиваль ұйымдастырылса, 2017 жылы Көкшетау қаласында құсбегіліктен І Азия
чемпионаты өткізілді.

Құсбегіліктен II Азия ашық чемпионаты өтетін мекенжай: Алматы қаласының
Алатау ауданындағы Бауыржан Момышұлы мен Ақын Сара көшелерінің қиылысында
(«Промзона» аймағында).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер