Басқа

Милад Карими әлем кубогы кезеңінің финалына өтті

Милад Карими әлем кубогы кезеңінің финалына өтті
news-banner7
mobile-news-top

Германияның Котбус қаласында спорттық гимнастикадан лицензиялық әлем кубогі кезеңі өтуде. Аталған сында бақ сынаған Милад Карими финалға жолдама алды деп хабарлайды prosports.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Милад қол тіреп секіру жаттығуы бойынша 14.412 ұпай жинап, сегізінші орыннан көрінді. Бұл оның финалда өнер көрсетуі үшін жеткілікті ұпай болатын.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша, 14.899 ұпайы бар украиналық Игорь Радивилов көш бастап тұр. Екінші және үшінші орындарда Қытай мен Франция спортшылары орналасқан.

Еске сала кетейік, әлем кубогі кезеңіне Қазақстан атынан Милад Карими мен Нариман Курбанов қана қатысып жатыр. Курбанов ат снарядындағы жаттығуда іріктеуден өте алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер