русский язык
Футбол

«Астана» үшінші ОЖЖ-нын Түркияда өткізеді

«Астана» үшінші ОЖЖ-нын Түркияда өткізеді

«Астана» футбол клубы кезекті оқу-жаттығу жиынын Түркияда өткізетін болды, бұл туралы елордалық клубтың ресми сайты хабарлайды.

«Астананың» уақытша бапкері Григорий Бабаян жаттықтыратын команда жиырма бесінші қаңтар күні Түркияға аттанады, мұнда команда сегізінші ақпан күніне дейін жаттығады. Түркияда бірқатар жолдастық кездесулерді өткізу жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетсек, «Астана» келесі маусымға дайындық барысында үшінші жиынын өткізбек, бұның алдында команда Біріккен Араб Әмірлігінде екінші оқу-жаттығу жиынын өткізді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;