Дзюдо

Жансай Смағұлов дзюдодан Grand Slam турнирінің қола жүлдесіне таласады

news-banner7
mobile-news-top

Дзюдошы Жансай Смағұлов Осакада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола жүлдесіне таласады деп жазады Olympic.kz.

73 келіде сынға түскен Жансай жарысты екінші айналымнан бастады. Кейін ресейлік Саян Ондарды «юко» әдісімен, жапониялық Ногамиді «ваззари» әдісімен ұтты. Алайда, ширек финалда Смағұлов канадалық Артур Маргелидоннан жеңіліс тапты.

Жұбаныш белдесуінде Оңтүстік Корея спортшысын жеңген Жансай енді қола жүлдеге күреседі. Қола медаль үшін таласта Жансайдың қарсыласы жапониялық Татсукава болмақ.

Еске сала кетейік, 73 келі салмақтың финалдық кездесуінде жапондықтар – Оно Шохей мен Эбинума Масаши кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер