Бокс

Мартиросян: Головкинмен шығар алдында есірткі шектім

Мартиросян: Головкинмен шығар алдында есірткі шектім
news-banner7
mobile-news-top

Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шыққан Ванес Мартиросян өзіне қатысты құпияны ашты.

Бұл туралы спортшы Twitter желісінде жазып, кейіннен өшіріп тастады.

Мартиросян жекпе жек алдында бір апта бойы марихуана шеккенін айтты.

«Олар маған хабарласып, Головкинмен шығуға ұсыныс айтқанда мен таза емес едім. Бір апта бойы есірткі шектім. Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігі мені тексеріп, таза деп шығарды. Осылайша тесттің өзін алдап кетуге болады. Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігі ұстап алуға емес, қолдауға құрылған секілді», – дейді спортшы.

Ванес Мартиросян мен Геннадий Головкин 5 мамыр күні кездесіп, Головкин жеңіске жеткен еді.

15 қыркүйекте Головкин Сауль Альвареспен шығып, ұтылып қалды.

Түпнұсқасы: stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер