Андрей Шевченко: Екі команда топ жеңімпазын анықтайды

Андрей Шевченко: Екі команда топ жеңімпазын анықтайды
news-banner7
mobile-news-top

Дәл қазір Андрей Николаевич Украина ұлттық құрамасының бас бапкері. Осы қызметіне байланысты, Андрей үшін украиналық командалардың еурокубоктердегі ойыны өте маңызды.

​​Әрине, Шевченко 29 қараша күні Қазақстанның астанасында өтетін «Астана» - «Динамо» кездесуін бақылайтыны анық.

Осы орайда, «Астана» футбол клубының баспасөз қызметі Украина ұлттық құрамасының бас бапкерінен алдағы ойын туралы пікірін сұраған болатын:

​- Алдағы ойын топтың жеңімпазын анықтайтындықтан, екі командаға да оңайға соқпасы анық. Әрине, бұл кездесуде «Астана» командасы көбірек допқа иелік етуі мүмкін, алайда, ойын басымдығы өз мүмкіндіктерін лайықты деңгейде пайдалана білген командада болады деп ойлаймын.

- Сіз Киевте өткен «Динамо» - «Астана» (2:2) арасындағы ойынды тамашалаған боларсыз. Ол кездесу қандай әсер қалдырды?

- Киевтегі ойын екі терезесі тең қарсыластың теке-тіресі болды. «Динамо» ойыншылары ойын басымдығына ие болып, тіпті, есепте алда тұрғанымен, қонақ команда өкілдері соңғы сәтте жинақы ойнай білді. Осы кездесуден кейін екі команда өкілдерінің лайықты қорытынды шығарғаны соңғы ойындарында көрінді.

- Сіздің қол астыңызда Украина құрамасы сапында «Динамоның» бірнеше жас ойыншыларыы дебют жасады. Олардың басты артықшылығы неде?

- Біздің көп дебютанттарымыз дәл осы «Динамоның» ойыншылары. Клуб құрамында талантты, әрі тұрақты деңгейдегі ойын үлгісігі көрсетіп келе жатқан жас ойыншылар бар. Дәл осындай футболшылар ұлттық құрамаға қажет-ақ. Әрине, болашақ әр кезде жастардың қолында. Олар жастар құрамасынан біздің қатарымызға келді. Ал алдағы жарқын болашақта Украина құрамасының негізгі ойыншыларына айналулары керек.

- Сіз 2009 жылы «Астана Арена» стадионының ашылу салатанатына қатысқан едіңіз. Астана және стадион қандай әсер қалдырды?

- Маған Қазақстан өте керемет әсер қалдырды. Мен сіздердің елдеріңізге, мәдениеттеріңізге үлкен құрметпен қараймын. Қазақстанға әрдайым ерекше құлшыныспен келемін. Сіздердің футболдарыңыздың және елдеріңіздің өркендеуіне шын ниетпен тілектеспін.

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер